Республика күніне орай Өскемен қаласының прокуратура қызметкерлері өз қамқорлығындағы отбасы үлгісіндегі Балалар ауылындағы тәрбиеленушілерге барып қайтты.
Кездесу жылы шырайлы, мейірімге толы атмосферада өтті: балаларға шағын сыйлықтар табысталды, мерекенің мәні, Отан туралы және ел азаматы ретінде жауапкершілік жайында әңгіме өрбіді.
Республика күні — бұл біздің тамырымызды, Тәуелсіз Қазақстанның еркіндігі мен бірлігін еске салатын ерекше мереке. Ол елді бейбітшілік пен өркендеуге ұмтылыс жолында біріктірген тарихи күн.
Осындай кездесулер балаларға қамқорлық пен қолдауды сезінуге, жанында әрқашан бағыт беруге дайын адамдар бар екенін ұғынуға көмектеседі.
? Өскемен қаласының прокуратурасы Балалар ауылымен шефтік байланысын жалғастырып, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғаумен қатар, олардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне де назар аударып келеді.
Республика күнімен, Қазақстан!
Әр отбасыда бейбітшілік, татулық пен болашаққа сенім орнасын!