Шығыс Қазақстан облысының жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдаудың кешенді жоспары жүзеге асырылуда.
Бұл акцияның мәні әрбір баланы корпоративтік тәлімгерлік қағидасы бойынша паторнаттық кәсіпорындарға бекіту болып табылады.
Жоспарды іске асырудың негізгі құралдарының бірі патронат кәсіпорындардың – тәрбиеленушілердің шотына қаражат аудару, жинақталған қаражатқа кейіннен бала тұрғын үй сатып ала алатын болады.
Биыл облыс әкімі Ермек Көшербаевтың қолдауымен бұл акция қайта жанданды. Бүгін «Мейірім» акциясы аясында «Отбасы үлгісіндегі балалар аулы» КММ мен ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ, ШҚО ББ «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ, арасында әлеуметтік келісім шарт жасалды. Жоғарыда аталған мекемелер 2 тәрбиеленушіні өз қамқорлықтарына алды. Кездесу барысында мекеме өкілдері балалармен таныстып, сыйлықтар табыс етті