1 НАУРЫЗ-АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

2022 жылдың 1 наурызында «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ -де «Алғыс айту» күні мерекесіне орай концерттік бағдарлама ұйымдасытырылып, өткізілді. Мақсаты: көп ұлтты Қазақстан халқы бірлігін нығайту, өскелең ұрпақты құрмет, бірлік, адалдық, өзара түсіністік қабілеттеріне тәрбиелеу болды. Тәрбиеленушілер балалар шығармашылығын дамыту орталығында өнерлерін көрсетіп, жұртшылықтың алғысына бөленді. Мерекелік бағдарламада «Мұрагер» ұлт аспаптар оркестрі өз репертуарындағы шығармаларын тарту етіп, «Томирис» тобының мың бұралған бишілері, әншілер Игнатьева А., Андреева В., жас домбырашылар триосы, мерекелік көңіл- күй сыйлады. Балалар ауылының түлегі Бакатова Әдемі Ұ. Есдәулетовтің «Мен, қазақпын!»өлеңін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды.Мерекенің мағынасын балалар ауылының тарихы туралы бейнефильмдер мен слайдтар ашып, мереке соңында көп ұлтты Қазақстанда тұратын ұлттар бір шаңырақ астында топтасқандығын бейнелейтін композиция көрсетілді. Мерекеге балалар ауылының түлектері де қонақ ретінде қатысты. Мереке әр отбасындағы дастархан басында жалғасын тапты.

В КГУ «Детская деревня семейного типа»УО ВКО 1 марта 2021 г прошла концертная программа посвященная празнику «День Благодарения». Цель мероприятия: укрепить дружбу и единство народов многонационального Казахстана, воспитать у молодого поколения уважение, единство, толерантность. Воспитанники выступили в Центре развития детского творчества и получили благодарность от зрителей.В праздничной программе выступил ансамбль народных инструментов «Мұрагер», танцевальная группа «Томирис», солистка Андреева В., трио юных домбристов. Выпускница детской деревни Бакатова Әдемі выразительно прочла стихотворение Есдаулетова У.-«Мен, қазақпын!» Показаны слайды и видеоролики о истории детской деревни и в завершение праздника была показана композиция, символизирующая сплочённость народов, проживающих под единым шаныраком в многонациональном Казахстане.В качестве гостей на празднике присутствовали и выпускники Детской деревни. Праздник продолжился за дастарханом в каждой семье.

Leave a Reply

Required fields are marked*