«Ризашылық»мерекесі өтті

ШҚО ББ «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы»КММ -де «Ризашылық» мерекесін тойлау жыл сайын дәстүрге айналған. Мереке- тәрбиеленушілер үшін нағыз қуанышты күн болып саналады. Егер балалар ауылының тарихына көз жүгіртетін болсақ, мерекеге көптеген қонақтар, демеушілік көрсететін патронаттық мекемелер қатысып, балалармен бірге қуанышты бөлісетін. Балалар бұл күні өз өнерлерін көрсетіп, ризашылықтарын білдіріп, рухани аналары Сара Алпысқызына, демеушілік көрсеткен жандарға, қызмет жасап жүрген жұмысшыларға, ана-тәрбиеленушілеріне, шын жүректен өз жасаған сыйлықтарын сыйға тартатын. Мереке соңы әрқашанда мол дастархан басында өз жалғасын табады. Ал биылғы 2021 жылдың 26 қарашасында Сара Алпысқызының жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар үшін сыйға тартқан «Ризашылық» мерекесі әр отбасында бастау алды. Осы күні тәрбиеленушілер үшін мереке ұйымдастырылып, балалар «Өлкетану мұражайы» КМКҚ экскурсияға барып, ШҚО Драма театрына «Ақыл патшалығы»атты спектаклін тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты. Мереке әр отбасындағы дастархан басында жалғасып, балалар осындай мерекені сыйлаған Алтын жүректі ана Сара Алпысқызына, үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан демеуші жандарға, ана-тәрбиешілеріне, қызметкерлерге ризашылық алғыстарын білдіріп, өздері жасаған сыйлықтарын берді. Мерекеде әсем ән айтылып, құттықтаулар жолданды. Назарларыңызға өткен жылдардағы және басталған мерекенің фотоларын және бейнероликтерін ұсынамыз.

В КГУ «Детская деревня семейного типа»УО ВКО для детей-сирот и детей оставшихся без попечения родителей празднование дня «Ризашылық» стало ежегодной традицией подаренный Сарой Алпысовной. Праздник стал настоящим радостным днем для воспитанников. Глядя на летопись детской деревни можно увидеть что на празднике участвовали много гостей, патранатные организации разделили радость с детьми. Воспитанники в этот день демонстрировали свое искусство, выражали признательность , искренне дарили подарки сделанные своими руками спонсорам, работникам службы, воспитателям, выражали благодарность основателю и духовной матери Саре Алпысовне. Праздник всегда продолжался за богатым дастарханом. 26 ноября 2021 года праздник «Ризашылық» начался и продолжается в кругу каждой семьи. Сегодня для воспитанников был организован интересный праздничный день и ребята посетили КГКП «Краеведческий музей», с хорошим настроением посетили Драматический театр ВКО и посмотрели спектакль «Царство разума». Праздник продолжился за дастарханом в кругу семьи, дети своими руками создали памятные подделки, а также выразили свою благодарность духовной матери Саре Алпысовне за оказанную поддержку. Были исполнены красивые песни и отправлено много поздравлений. Представляем вашему вниманию фото предыдущих праздников, также фото и видеоролики продолжающихся мероприятий.

Leave a Reply

Required fields are marked*