Жаз – ол кішкентай өмір. Балалар сауықтыру лагерінде өткізілген уақыт туралы да осыны айтуға болады. Ол жастық шақ пен есейген жылдар туралы ең жарқын естеліктер мен әсерлер береді. Бұл таза ауада демалу ғана емес, сонымен қатар болашақта пайдалы болатын конкурстар, командалық жұмыс пен өз бетінше өмір сүруге пайдалы дағдыларды дамыту.Балалар ауылының өмірінен қысқаша мәлімет. ШҚО ББ «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ тәрбиеленушілері үшін «Төменгі Тайынтыдағы» сауықтыру лагеріне орналасқаннан кейін лагерь қызметкерлерімен жылы кездесуден басталды. Лагерь басшысы Б.К. Авгамбаева қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар өткізді, сондай-ақ ішкі тәртіптердің ережелерін, төтенше жағдайлардың алдын алу және жазғы кезеңде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау ережелерімен таныстырды. Дене шынықтыру нұсқаушылары Т.Р. Жарасов, Е.С. Сулейменов балаларды спорт алаңындағы тәртіп ережелерімен, өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырып, суда жүзу ережелері бойынша инструктаж жүргізді.Бірінші күні лагерь Президенті мен лагерь белсенділерінің сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша лагерь президенті болып — Груздева Карина сайланды. Сонымен қатар лагерь белсенділерінен спорт секторы – Огнев Иван мен Бакатова Әдемі, мәдениет секторы – Игнатьева Алина мен Мостовая Дарья, редколлегия мүшелері – Черепанова Дарья мен Кромынина Виктория, тазалық секторы – Андреева Виктория мен Повзун Милена және кітапханашы – Телеубаев Тимур мен Гатаулина Алена сайланып, өз міндеттері бойынша жұмыстарын жүргізуге кірісіп кетті. Лагерь Президенті мен лагерь белсенділерінің сайлауынан кейін жазғы маусымның ашылу салтанаты Нур-Сұлтан қаласының туған күніне арналып өткізілді. Жиында балалар ауылының тәрбиеленушілері өз өнерлерін аянбай көрсетті. Шығармашылық топ мүшелері іс-шараны ат-салыса дайындап, «Томирис» бишілер тобы мың бұралған биімен мерекелік көңіл-күй сыйласа, бүлдіршіндер сан алуан тақпақтарын оқып, жас әншілер Игнатьева Алина, Кромынин Андрей, Даришева Аделя, Штро Иван әндерін шырқады. Лагерь президенті Груздева Карина топтардың рапортын қабылдап, сапқа тұрғызды. Салтанатты жиында әр отряд жоғарғы дайындықпен келіп, жалалауларын көтеріп, ұрандарын айтты. Мереке кешкілік алау маңайында жалғасын тауып, барлық тәрбиеленушілер бірігіп «Қара жорға», заманауи флешмоб билерін биледі. Балалар мерекені көтеріңкі көңіл күйде би кешімен аяқтады. Сонымен қатар 2021 жылдың 10 шілдесінде отрядтың тәрбиеленушілері мен ана-тәрбиешілері арасында «Лағман-шоу» шеберлік сыныбы өтті. Ана-тәрбиешілер өз тәжірибесі бойынша лағман қамырын дайындаудың құпияларын айта отырып, барлық деңгейлерінің ерекшелігін түсіндіріп, қамырды тәрбиеленушілермен бірлесіп иледі. Диетсестра Оспанова Н. лағманның әр түрлі тәсілдерінен мысалдар келтіріп, түсіндірді. Қамыр дайын болғанда, лағманды созудан жарыс өткізіп, нәтижесінде командаларға жүлделі орындар тағайындалды. 2021 жылдың 14 шілде күні тәрбиеленушілер арасында «Көңілді мәре» атты спорттық жарыс өткізілді. Мақсаты: тәрбиеленушілерді ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасының артуына, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу. Бұл спорттық жарыс өте көңілді және қызықты өтті. Сондай-ақ, тәрбиеленушілер ұзындыққа секіру, турникке тартылу және 100 метрге жүгіру бойынша нормативтерді тапсырды, бұл тәрбиеленушілерді өз денсаулығын нығайтуға және физикалық қасиеттерін дамытуға ынталандырады.Сіздердің назарларыңызға өткізілген іс-шаралардан фото репортажды ұсынамыз.Говорят, лето – это маленькая жизнь. То же можно сказать и о времени, проведенном в детском оздоровительном лагере. Оно дарит самые яркие воспоминания и впечатления о годах юности и взросления. Это не только отдых на свежем воздухе, но и конкурсы, командная работа, развитие самостоятельности и полезных навыков, которые пригодятся в будущем.Хроника из жизни деятельности детской деревни. Для воспитанников КГУ «Детская деревня семейного типа» УО ВКО после пребывания в оздоровительный лагерь «Нижние Тайынты» он начался с теплой встречи с работниками лагеря. Начальник лагеря Авгамбаева Б.К., провела инструктажи по технике безопасности, а так же ознакомила с правилами поведения внутренних распорядков, предупреждению чрезвычайных ситуаций и охране жизни и здоровья детей в летний период. Инструкторы по физической культуре Жарасов Т.Р., Сулейменов Е.С. ознакомили детей с правилами поведения на спортивной площадке с правилами по пожарной безопасности и дали вводный инструктаж. В первый день прошли выборы Президента и активистов лагеря. По итогам выборов Президентом лагеря была избрана Груздева Карина. А также из активистов лагеря были выбраны спортивный сектор – Огнев Иван и Бакатова Әдемі, сектор культуры – Игнатьева Алина и Мостовая Дарья, члены редколлегии – Черепанова Дарья и Кромынина Виктория, сектор по чистоте – Андреева Виктория и Повзун Милена. Библиотекари – Телеубаев Тимур и Гатаулина Алена. Все ребята активно приступили к работе по своим обязанностям. После выборов президента и активистов лагеря было открытие летнего сезона приурочено ко дню рождения города Нұр–Султан. На мероприятий воспитанники Детской деревни показали свое мастерство. Члены творческой группы подготовили мероприятие с участием танцевальной группы «Томирис», которая подарило детям праздничное настроение танцами. А так же дети читали стихи, молодые исполнители Игнатьева Алина, Кромынин Андрей, Даришева Аделя, Штро Иван пели песни. Президент лагеря Груздева Карина приняла рапорт группы и организовала построение отрядов на торжественной линейке, где все дети участвовали с высокой подготовкой. Вечер продолжился у костра, где все воспитанники танцевали современный флешмоб «Қара жорға». Ребята завершили праздник дискотекой в приподнятом настроении. А так же 10 июля 2021 года прошел мастер–класс «Лагман-шоу» среди воспитанниц и мать-воспитателей отряда. Мать-воспитатели на собственном опыте рассказали секреты приготовления теста лагмана, объяснили специфику всех уровней и совместно с воспитанницами замешивали тесто. Диетсестра Н. Оспанова привела примеры и объяснила о способах приготовления лагмана. Когда тесто было готово, провели соревнование по растяжке лагмана, в результате чего командам были присуждены призовые места. 14 июля 2021 года среди воспитанников было проведено спортивное соревнование «Веселый финиш». Целью данного мероприятия является воспитание активности, уверенности, решительности, смелости во время игры, а так же развивает уровень выносливости, быстроты и ловкости. Это спортивное соревнование было очень веселым и интересным. Также воспитанники сдали нормативы по прыжкам в длину, подтягиванию на турнике и по бегу на 100 метров, которые мотивируют воспитанников укреплять свое здоровье и развивать физические качества.Предлагаем Вашему вниманию фото репортаж с проведенных мероприятий.