Аз емес, зар жылаған егілген жан,Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,Қирады талай арман қөңілге алған.9 мамыр Жеңіс күні – бұл мереке жеңісті ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс туы желбіреген күн. Аталған мерекеге орай, ШҚО ББ «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-де «Ел үмітін – ер сақтар!» тақырыбында тәрбиеленушілер арасында өлеңдер сайысы сонымен қатар «Ұлы Жеңіске мың тағзым!» тақырыбында суреттер сайысы ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты: Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Отан үшін шайқасқа түскен аға-апаларымыздың рухына бас июге, адамгершілікке тәрбиелеу, сонымен қатар балалардың ақыл-ойын, қиялын, сөз байлығын дамыту және де сурет салу дағдысын, логикалық ойлауын, еске түсіру, елестету қабілеттерін арттыру болды. Бұл сайыстарға тәрбиеленушілер жауапкершілік танытып, өлеңдерді нақышына келтіріп, жатқа оқыды. «Ел үмітін – ер сақтар» өлеңдер сайысының жеңімпаздары: «Ең әсерлі орындаушы» номинациясының жеңімпазы – Даришева Аделя«Ең жас орындаушы» номинациясының жеңімпазы – Мостовой Елисей«Ең эмоционалды орындаушы» номинациясының жеңімпазы – Минаева Ирина«Сөз шешені» номинациясының жеңімпазы – Мирканова Аяулым«Ұлы Жеңіске мың тағзым!»суреттер сайысының жеңімпаздары: 1 орын – Лазарева Кристина2 орын – Кидянкин Артур3 орын –Короткова Виктория иеленді.Осы іс-шаралардың соңында әрбір отбасы мерекелік дастархан басында соғыс ардагерлеріне, аға ұрпаққа алғыс білдіріп, әскери тақырыпта ән айтты. Сіздердің назарларыңызға фотосуреттер мен бейне материалдарды ұсынамыз.Директор Ислямов Аман Аскарович. 9 Мая – День Победы святой для каждого из нас праздник. Ко дню победы воспитанники КГУ «Детская деревня семейного типа» УО ВКО приняли активное участие в конкурсе чтецов «Ел үмітін — ер сақтар!», а так же в конкурсе рисунков «Низкий поклон Великой Победе!». Целью конкурсов является формирование у детей чувства патриотизма и уважения к историческому прошлому нашей страны, с любовью относиться к Родине, а также формировать навыки выразительного чтения, развивать интеллект, навыки рисования, логическое мышление, память, воображение. Наши дети в очередной раз продемонстрировали нам, насколько они талантливы в умении выразительно, эмоционально и артистично читать стихотворения.Победители конкурса стихов «Ел үмітін – ер сақтар!»: Победитель в номинации «Ең әсерлі орындаушы» — Даришева АделяПобедитель в номинации «Ең жас орындаушы» — Мостовой ЕлисейПобедитель в номинации «Ең эмоционалды орындаушы» – Минаева ИринаПобедитель в номинации «Сөз шешені» — Мирканова Аяулым.В завершении данных мероприятиях каждая семья за праздничным дастарханом выражали свои чувства благодарности ветеранам войны, старшему поколению и пели песни на военную тематику. Предлагаем вашему вниманию фотографии и видео материалы.Директор Ислямов Аман Аскарович.