01 шілде – Ұлттық домбыра күні! Домбыра – көнеден қалған асыл мұра, көзіміздің қарашығы әрі ұлттық кодымыздың айнымас бөлігі. Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін жандандыруда бұл күннің алар орны ерекше. Алпыс екі тамырды идіріп, ет жүректі елжіреткен қоңыр домбыраның киелі үні кез келген жан баласын таңғалдырмай қоймас. Осыған орай ШҚО ББ «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-де «Домбыра – асыл мұра» тақырыбында домбыра күні мерекесі аталып өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілердің ой ұшқырлығын шыңдап, ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызғушылық сезімін оятып, өнер арқылы ұлттық өнерге терең бойлауға мүмкіндік тудыру. Мерекеде балалар ауылының «Мұрагер» қазақ халық ұлт аспаптар оркестрі күй өнерінің биік шыңын көрсете отырып, «Желдірме», «Әуен», «Келіншек», «Ерке сылқым», «Кербез сұлу», «Балбырауын» т.б. күйлер орындаса, кіші топ домбырашылар ансамблі «Попури» күйін ойнап, жаңа шыңдалып келе жатқан жас өренің талабын көрсетті. Жас өнерпаздар Штро Иванның орындауындағы «Қазақ батырлары» әні, Игнатьева Алинаның «Шығысым шырайлы елім» әндері қасиетті домыраға арналып, көрерменнің көңілінен шықты. 01 июля – Национальный день домбры! Домбыра – это душа казаха, его история, традиции, вся его жизнь. Кюи Курмангазы, Даулеткерея, Таттимбета и Сугура, Казангапа и Дины являются уникальными образцами казахского музыкального искусства. В честь этого праздника в КГУ «Детская деревня семейного типа» УО ВКО прошла концертная программа «Домбыра — асыл мұра». Лауреаты республиканских и международных конкурсов оркестр казахских народных инструментов «Мұрагер» исполнили кюи «Желдірме», «Әуен», «Келіншек», «Ерке сылкым», «Кербез Сұлу», «Балбырауын» и многие другие, а так же ансамбль домбристов из младшей группы сыграл кюй «Попури». Молодые исполнители Штро Иван и Игнатьева Алина исполнили песни «Қазақ батырлары», «Шығысым шырайлы елім» которые были посвящены Национальному празднику дню домбры. Директор Ислямов Аман Аскарович