10 қаңтарда өткен ҚР Парламенті Мәжілісі мен Өскемен қаласы мәслихаты депутаттарын сайлауға ШҚО «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-нің 18 жастағы тәрбиеленушілері Штро Анна, Голяков Мовлади алғаш рет сайлауға қатысып, дауыс берді. «Бұл күн біздің есімізде мәңгі сақталады «-деп тәрбиеленушілер өз қуаныштарымен бөлісті. Олар алдағы болатын ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырып, болашақта Анна өзінің мұғалім болғысы келетінін, ал Мовлади инженер болатынын,болашақ Қазақстан үшін, ел үшін қызмет ететіндіктерін жеткізді.