Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, жасөспірімдердің бойына патриотизм мен ата-баба дәстүрлерін сіңіру, тәуелсіз елдің тарихын білу және құрметтеу мақсатында 2020 жылдың 07-14 желтоқсаны аралығында ШҚО ББ «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-де карантиндік жағдайда апталық ұйымдастырылды. Атап айтқанда, ұлттық құндылықты балалардың бойына сіңіре отырып, ұйымшылдыққа баулу үшін «Менің отбасымның елтаңбасы» тақырыбында жанұялық сайыс, патриоттық тәрбиені қалыптастыруға «Менің сүйікті қалам» тақырыбында әр отбасы өздеріне берілген қала туралы сурет салу және әңгімелеу сайыстары, ой-өрісін, сөйлеу шеберлігін дамытуға «Менің отаным-Қазақстан» атты көркем сөз оқу, «Менің елім -менің мақтанышым» атты патриоттық әндер айту шаралары өткізілді. Барлық отбасылар өз елтаңбаларын суретпен және аппликациялармен дайындап, ұрандарын жазып, би билеп, шығармашылық белсенділіктерін танытты. Балалардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру, дәстүрлерді сақтау, бірлікке үйрету, шығармашылық пен шешендікке баулу аталған іс-шарада тоғысып, көрініс тапты. 16 желтоқсан күні әр отбасында дәстүрге айналған мерекелік дастархан жайылды.

В честь празднования Дня Независимости Республики Казахстан в целях привития патриотизма, традиции и обычаев наших предков, воспитания знания и уважения к истории независимой страны с 07 по 14 декабря 2020 года в КГУ «Детская деревня семейного типа» УО ВКО прошла неделя, согласно утвержденному плану в условиях карантина. Детям для воспитания сплоченности и привития национальных ценностей был организован семейный конкурс на тему «Герб моей семьи». Каждая семья с творческим подходом создавали свой герб семьи с рисунками и аппликациями, писали лозунги. Для формирования патриотического воспитания проводились конкурсы рисунков и рассказов на тему «Мой любимый город», конкурс выразительного чтения на тему «Моя Родина – Казахстан», а так же были организованы мероприятия по исполнению патриотических песен на тему «Моя гордость -мой родной Казахстан». Воспитанники детской деревни с особенной гордостью и вдохновением читали стихи о Независимом Казахстане и подарили красивый танец. Данное мероприятие поспособствовало к развитию чувства патриотизма, сохранения традиций, воспитание единства, приобщение к творчеству и красноречию. 16 декабря в каждом доме по традиции накрыли праздничный дастархан.

Leave a Reply

Required fields are marked*