1 мамыр-Дүниежүзілік балаларды қорғау күні

ШҚО ББ «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы»КММ 1 маусым -Балаларды қорғау мерекесі жоспарлы түрде ұйымдастырылып, ерекше аталып өтті. Мереке күні тәрбиеленушілерді Өскемен қалалық прокуратурасының қызметкерлері ұжымының өкілдері, қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры Тукушова А.Р., қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры Муратов Н.Т. мерекемен құттықтады. Аталған ұжым тек балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арнайы құттықтау шарасын өткізіп, арнайы бөлінген автобустармен этноауылға саяхаттқа апарды. Балалар хайуанаттар паркінде аңдарды тамашалап, поезбен саяхаттап, балмұздақ жеп, тәтті сыйлықтар алып, саябақты аралап, жақсы әсермен қайтты. Мереке балалар ауылында жалғасын тауып, салтанатты түрде ашылды. Балалар мәнерлеп тақпақ айтып, тамылжытып ән айтып, «Томирис» хореографиялық би тобы мың бұралған билерін билеп, өз өнерлерін көрсетті. Балалар ауылының директоры Ислямов Аман Аскарович тәрбиеленушілерді құттықтап, 9 сыныпты үздік аяқтаған Голяков Мовлади және Эдаева Ладаны мақтау қағазадарымен марапаттады және «Жас техниктер станциясы» КМҚК әуемоделдеу, дизайн бағыттары бойынша тәмәмдаған тәрбиеленушілерге сертификаттар табыстады. Мерекеде спорт алаңында барлық балалар мен ана — тәрбиеленушілер «Қаражорға» биін билеп, ұлдар командасының футбол ойыны жалғасты. «Бақытты балалық шақ» тақырыбында әр отбасы асфальтқа суреттер салды.Сондай-ақ балалар ауылының ауласында аквагрим студиясы жұмыс істеп, тәрбиеленушілер Лейменова Д., Эдаева Л., Шестакова Д., Кононова Е. балалардың беттеріне көңілді суреттер салып берді.Балалар арнайы фотосуретке түсетін алаңда суретке түсіп, көңілдерін көтерді.Осы күні әр отбасы түрлі тағамдарға мол мерекелік дастархан жайып, 9 және 11 сынып түлектерін мектеп бітірулерімен құттықтады.Түлектер өз кезектерінде тәрбиелеген ана- тәрбиешілеріне және білім берген ұстаздарына алғыстарын білдірді. ШҚО бойынша соты Одағы филиалының төрағасы Жумаксанов Е.Ш.,Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетеке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соты төрайымы Жумагулова А.Н. тәрбиеленушілерді балалар күнімен құттықтап, Раимхановтар отбасына ас үй жихазын сыйлады. Мереке қарсаңында ЖШС «Согра ЖЭО» қызметкерлері 7 отбасына жерге салатын төсеніш кілем, 1 отбасыға жылу пешін берді.Жергілікті полиция қызметі басшысның орынбасары полиция департаменті полиция подполковнигі Утепов А. А спорт құрал жабдықтары мен робот ойыншықтарын табыс етті.ЖШС «Казцинк» ұжымы 69 балаға балмұздақтар мен сыйлықтар табыс етіп, «Өскемен Водоканал»МКК ұжымы құттықтады. Балаларды қорғау мерекесі өте қызықты өтіп, балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлады.Директор Ислямов Аман Аскарович

Leave a Reply

Required fields are marked*