«Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ -де Алғыс айту күні мерекесіне орай іс-шаралар өткізілді. Мақсаты: көп ұлтты Қазақстан халқы бірлігін нығайту, өскелең ұрпақты құрмет, бірлік, адалдық, өзара түсіністік қабілеттеріне тәрбиелеу. Мереке басы таңертең жұмысқа келген мекеме қызметкерлерін құттықтаудан бастау алып, тәрбиеленушілер балалар шығармашылығын дамыту орталығында мерекелік концерт қойып, жұртшылықтың алғысына бөленді.
Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы, «Банк Центр Кредит», Судьялар одағының облыстық филиалы, мемлекеттік еңбекті қорғау басқармасы, ШҚО арнайы мамандандырылған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған сот ұжымдары құттықтады.
Мерекелік бағдарламада «Мұрагер» ұлт аспаптар оркестрі жаңа тың шығармаларын тарту етіп, «Томирис» тобының мың бұралған бишілері, «Алтай тартуы» эстрадалық-аспаптық тобы, жас әншілер Шакетов А., Штро Иван,Игнатьева Алина, қыздар триосы мерекегелік көңіл- күй сыйлады.
Балалар ауылының директоры Ислямов Аман Асқарұлы балаларды, ана-тәрбиешілерді, қатысушы қонақтарды мерекемен құттықтап, жетістікке жеткен тәрбиеленушілерге мақтау қағаздарын табыс етіп, әр отбасына Абай Құнанбаетың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» томдарын сыйлады
Патронаттық мекемелер өкілдері құттықтау сөздерін жолдап, ШҚО арнайы мамандандырылған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған сот төрайымы Жумагулова А.Н., Центр кредит»АҚ директоры Меңдібаева З.Р., «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясның директоры Смагулов Е.К, Қасенова Е. мемлекеттік еңбекті қорғау басқармасның маманы Касимова Б.М. өз алғыстарын білдірді.
Мерекенің мағынасын бейнефильмдер мен слайдтар ашып, тәрбиеленушілер қонақтарға өздері жасаған қолөнер бұйымдарын тарту етті. Балалар ауылының қамқоршылық кеңесінің мүшесі, жеке кәсіпкер Янкина Т.Н. әр жанұяға торт сыйлап, «Қазақстан темір жолы» АО 11 үйге асханалық жихаздарды тарту етті. Қонақтар әр отбасылардың үйлеріне барып, балалардың өмір-тіршілігімен таныс болып қайтты.
В КГУ «Детской деревне семейного типа» 28 февраля 2020 года проводилось мероприятие ко «Дню Благодарности». Цель мероприятия: укрепить дружбу и единство народов многонационального Казахстана, воспитывать молодое поколение уважению, единству, взаимопониманию. Празднование началось раннего утра с поздравлениями работников детской деревни. После воспитаннииками детской деревни состоялся праздничный концерт, и все присутствующие остались очень довольны.
Поздравляли воспитанников детской деревни семейного типа коллективы «Национальной компаний «Қазақстан темір жолы», Национальная компания «Банк Центр Кредит», филиал областного Союза Судей, ГУ «Управление государственной инспекции труда», Председатель специализированного суда по делам несовершеннолетних ВКО.
В праздничной программе выступили ансамбль народных инструментов «Мұрагер», танцевальная группа «Томирис», солисты Шакетов А., Штро И, Игнатьева А. и эстрадно-инструментальная группа «Алтай таруы», группа трио из девочек.
Директор детской деревни Ислямов Аман Асқарович поздравил с праздничным днем, вручил похвальные грамоты за их достиженияи и каждой сеье вручил серий книг «Абай жолы» Мухтара Ауезова ко Дню празднования 175-ю Абая Кунанбаева.
Выступили с поздравлениями руководители патронатных учреждений таких как филиал АО «Национальная компания «Казахстан Темір жолы» Смагулов Е.К. и Е.Касенов, директор АО «БанкЦентрКредит» З.Р.Мендибаева, председатель ВК филиал Союза судей А.Н.Жумагулова.
Показаны слайды и видеоролики по теме праздника и вручены подарки ручной поделки. Член попечительского совета детской деревни Предприниматель Янкина Т.Н. каждой семье подарила торты и АО «Национальная компания «Казахстан Темір жолы» кухонную мебель №11 дому. Гости посетили дома и ознакомились жизнью детей в детской деревне.