ШҚО ББ «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы»КММ-де 13 желтоқсанда
ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекеге орай клуб дәлізінде балалар ауылының тәрбиеленушісі Кононова Екатеринаның «Қазақстан-туған өлкем!» тақырыбында өзі салған суреттерінен және Қазақстанның тарихы, экономикасы және саяси бағыты туралы кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Мерекенің басы 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасының хроникасын және Қазақстанның тәуелсіздікке жеткен кезеңдерін көрсету, еліне, жеріне деген жасөспірімнің сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту, жас ұрпақты жан-жақты, ақылды да парасатты, ой-өрісі биік азамат ету мақсатында слайдтар мен бейнероликтер көрсетілімімен басталды. Іс-шара барысында балалар ауылының директоры Ислямов Аман Асқарович балалар мен ана-тәрбиешілерді, қызметкерлерді мерекемен құттықтап, балалар ауылы тәрбиеленушілеріне егеменді еліміздің жетістігі туралы, желтоқсан оқиғасына қатысқан ұл-қыздардың ерліктері жайлы түсініктер берді. Іс-шара мерекелік концертпен жалғасын тауып, әншілер Шакетов А., Игнатьева А., Андреева В., Молдаканова К. әсем әндерімен көрерменді таң қалдырса, «Томирис» хореографиялық би тобы мың бұралған қазақ билерімен көздің жауын алды. Сондай-ақ балалар ауылының ең жас тәрбиеленушілері Қазақстан тәуелсіздігіне арналған өлең жолдарын оқып, билерін тарту етті. Мерекені Груздева К., Мирканова А. үш тілде жүргізіп, Эдаева Лада «Үйретеді кім оған қазақ тілін?» атты өлеңді шеберлікпен оқыды. Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар балалардың бойында адамгершілікті, патриоттық сезімді, төзімділікті, азаматтық парызды және басқа да асыл қасиеттерді дамытуға өз септігін тигізді.
13 декабря в КГУ «Детская деревня семейного типа» УО ВКО было проведено мероприятие ко дню Независимости РК. В честь праздника в фойе клуба была организована выставка на тему «Казахстан-мой край родной!» и книжная выстака об экономике и политических направлениях Казахстана. В начале мероприятии в целях развития у воспитанников чувства патриотизма, любви к старне была показана хроника событий 6 декабря 1986 года. Директор Ислямов Аман Аскарович поздравил с праздником воспитанников и мать-воспитателей, сотрудников детской деревни, дал разяснения о достижениях суверенного Казахстана, о героических подвигах юношей и девушек того времени. Мероприятие продолжилось праздничным концертом и певцы детской деревни Шакетов А., Игнатьева А., Андреева В., Молдаканова К. порадовали зрителей своими прекрасными песнями, а хореографическая группа «Томирис» удивила красочными национальными танцами. А так же юные воспитанники детской деревни читали стихи о Независимом Казахстане и подарили красивый танец. Виртуозные ведущие Груздева К., Мирканова А., Эдаева Лада показали мастерство трехязычий. Мероприятия посвященная Дню Независимости Казахстана способствовала развивать у детей нравственных, патриотических чувств и гражданского долга перед родиной.