2019 жылдың 27 қыркүйегінде, ШҚО ББ «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-де Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы қызметкерлерінің қатысуымен ертегілерді қазақ тілінде сахналау сайысы өтті. Іс-шараның басы «Әр қашан күн сөнбесін»композициясымен үш тілде басталып, балалар ауылының жас бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетті. Сайысқа әр екі жанұя бірлесіп, ана-тәрбиешілердің жетекшілігімен бір сахналық көрініс әзірлеп, жоғарғы дайындықпен келді. Халық фольклорындағы ертегілерді сахналауда командалар белсене қатысып, ертегі кейіпкерлерін шебер сомдады. Сайыста Канапияновтар және Калиевтар отбасы «Бауырсақ» етергісін бейнефилімді дыбыстау арқылы көрсетіп, келісімді дауыс ырғағымен дыбыстап, соңын «Ертегілер елі» әнімен жалғастырып, мерекеге көтеріңкі көңіл күй сыйласа, Касеневтар және Жумагалиевтар отбасылары «Тышқанның қулығы»ертегісін сахналады. Осы жанұялардан Дагинтен Анастасияның тышқанды сомдауы ерекше көзге түсті. Ишимбаевтар және Айкеновтар жанұялары «Шалқан» ертегісін ерекшелікпен дайындап келіп, Бакатова Әдемі -қарияның, Уразбеков Еркебулан -тышқанның рөлін ойнауда асқан шеберлік танытты. Раимхановтар және Бекеевтер жанұялары «Мақта қыз бен мысық»ертегісін қойып, Штро Иван тышқан рөлін ерекше көрсетті. Әділқазылар алқасының шешімімен үшінші орынды Канапияновтар мен Калиевтардың жанұялары, екінші орынды Касеневтар мен Жумагалиевтардың және Раимхановтар және Бекеевтер жанұялары, бірінші орынды Ишимбаевтар мен Айкеновтар жанұялары иеленді.
В честь дня языков народов Казахстана, в КГУ «Детская деревня семейного типа» был проведен конкурс-инсценировка народного фольклора совместно с «ВКО детско-юношеская библиотека». Мероприятие началось с произведения «Пусть всегда будет солнце», далее малыши детской деревни показали свои творчество. Разделившись на команды под руководством матерей-воспитателей каждая семья показали отрывок сценку из народных сказок. Воспитанники вошли в образы и умело показали качества своих героев. Семьи Канапияновых и Калиевых озвучили видеофильм на основе сказки «Колобок», в конце сказки дружно спели песню «В стране сказок», семьи Касеневых и Жумагалиевых поставили сказку «Хитрость мышонка». Дагинтен Анастасия показала свое актерское мастерство в роли мышонка. Семьи Ишимбаевых и Айкеновых с особой ответственностью и творческий подошли к постановке всем известную сказку «Репка», Бакатова Әдемі -в роли дедушки, Уразбеков Еркебулан – в роли мышки проявили свое творчество и мастерство. Семьи Раимхановых и Бекеевых подготовили сказку «Мақта қыз бен мысық», в роли мыши выступил Штро Иван. По решению жюри третье место заняли семьи Канапияновых и Калиевых, второе место заняли семьи Касеневых и Жумагалиевых, а так же Раимхановых и Бекеевых, первое место заняли семьи Ишимбаевых и Айкеновых.